Қала | |
Мельбурн | |
Melbourne | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Штат | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
37°49′14″ о. е. 144°57′41″ ш. б. / 37.82056° о. е. 144.96139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°49′14″ о. е. 144°57′41″ ш. б. / 37.82056° о. е. 144.96139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1835 |
Қала статусы |
1847 |
Жер аумағы |
8806 км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
3 806 092 адам (2007) |
Тығыздығы |
432 адам/км² |
Мельбурн шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Мельбурн |
Мельбурн (ағылш. Melbourne /ˈmɛlbə(r)n/, жергілікті айтылу ) Порт-Филлип шығанағы айналасында орналасқан, Виктория шатының астанасы және Австралияның жер көлемі бойынша екінші қала. Қала маңымен бірге халықтын саны шамамен 3,8 миллион адам (2007 жыл).
Австралияның сауда, өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сонымен қатар Мельбурнді елдің «спорттық және мәдени астанасы» деп жиі атайды, өйткені онда Австралияның көптеген спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады. Қала өзінің викториан және заманауи сәулетінің үйлесуімен, көптеген саябақтар мен бақшалармен, көпжүзді және көпұлтты халқымен танымал. 1956 жылы Мельбурн жазғы Олимпиада ойындарын, ал 2006 жылы — Ынтымақтастық Ойындарын өткізген. Сонымен қатар осында 1981 жылы Ұлттар Ынтымақтастығы одағына кіретін мүше елдерінің басшыларының кездесуі, ал 2006 жылы он тоғыз аса дамыған елдерінің басқарушылары қатысқан — G20 саммиті өтті. 2011 жылы The Economist журналы Мельбурнді әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала деп атаған.
Мельбурн 1835 жылы Ярра өзенінің бойында ауылшаруашылық қоныс ретінде еркін қоныстанушылармен қаланған.. Викторияда болған алтын безгегі арқылы Мельбурн тез арада метрополияға айналды және 1865 жылға қарай Австралияның ең ірі жіне маңызды қаласы болды . Бірақ XX ғасырдың басында біріншілік жүлдесін ол Сиднейге берді.
Мельбурнның ең ірі газеттері Руперт Мердоктің Herald Sun және Fairfax серіктестігінің меншігіндегі The Age газеті болып табылады, сонымен бірге mX кешкі таблоиды, оны да Мердок шығарады. Жалпы ұлттық газета The Australian Мельбурнде Виктория штаты үшін арнайы басылым ретінде шығарылады. Бұл газет те Мердокке басыбайлы. Мердок Ньюс Групп жетісінде бір шығатын жорналдар шығарады және Fairfax-тың 50% акцияларына ие, сөйтіп, Мельбурнде басылатын барлық күнделікті газеттер, Мердок империясына кіреді. Австралияның ең ірі муниципалды медиакомпаниясы — Leader Newspapers — Мельбурнның аудандары мен муниципалитетерінің мәселелері туралы баяндайтын әр жеті сайынғы 33 жергілікті газеттр шығарады.
Мельбурнде эфирге үш коммерциялық телеарналар шығады: Seven, Nine и Ten және үш қоғамдық: ABC, SBS және муниципалды арна C31. Қалада көптеген радиостанциялар хабарлайды (ең белгілілері: 3MBS, Triple J, Fox FM, 3AW, SEN 1116), олар көбінесе қаланың негізгі үш ірі желіге тиесілі: DMG Radio Australia, Austereo және Southern Cross Broadcasting.
Туған жері бойынша Мельбурннiң негiзгi ұлттық топтарының саны. | ||
---|---|---|
Ұлыбритания | 156 457 | |
Италия | 73 801 | |
Вьетнам | 57 926 | |
Қытай | 54 726 | |
Жаңа Зеландия | 52 453 | |
Грекия | 52 279 | |
Үндістан | 50 686 | |
Шри-Ланка | 30 594 | |
Малайзия | 29 174 | |
Филиппин | 27 568 | |
Германия | 21 182 | |
Мальта | 18 951 | |
ОАР | 17 317 | |
Солтүстік Македония | 17 287 | |
Гонконг | 16 917 | |
Польша | 16 439 | |
Хорватия | 15 367 | |
Ливан | 14 645 | |
Нидерланд | 14 581 | |
Түркия | 14 124 | |
Қайнар көзі: Австралияның санақ бюросы, 2006 |
Қазіргі Мельбурн көп ұлтты және мультимәдениетті бірлестік. Виктория штатыны тұрғындарының ширегі шетел мемлекеттерден келген және Мельбурн 180 тілде сөйлейтін және 116 түрлі дінге сыйынатын 233 елден шыққандардың тұру орны болып саналады.
Мельбурнның халық саны (жылдар бойынша) | ||
---|---|---|
1836 | 177 | |
1854 | 123 000 | Алтын безгегі |
1880 | 280 000 | Жылжымайтын мүлiктiң бумы |
1956 | 1 500 000 | |
1981 | 2 806 000 | |
1991 | 3 156 700 | Экономикалық құлдырау |
2001 | 3 366 542 | |
2006 | 3 744 373 | |
2011 | 3 872 918 | Болжам |
2021 | 4 253 367 | Болжам |
2031 | 4 591 846 | Болжам |
Қайнар көзі: Австралиялық Бюро статистики |
2006 жылдық санағы Мельбурнның 28,3 % (1 018 113) халқы өздерін католиктер деп санайтынын көрсеті. Екінші орында атеистер тобы — 20,0 % (717 717), кейін англикандар — 12,1 % (433,564), православиеліктер — 5,9 % (212 887) және Біріккен шіркеуінің өкілдері — 4, 0 % (143 552). Буддизмге, исламға, иудаизмге және индуизмге құлшылық ететін халықтың 7,5 %. Статистика бойынша Австралиядағы тұратын он еврейдің төртеуі Мельбурнде тұрады.
Мельбурн — Австралияның мәдени және спорттық астанасы. Қалада мәдени шаралардың көптеген түрлері өткізіледі, осында Австралияның ең ірі мұражайлары мен көрмелері орналасқан. Жергілікті архитектурасы да ерекше.
Көптеген танымал австралиялық музыканттары Мульбурн қаласынан шыққан. Соңғы жылдарда қала әлемге стрит-арт өнері арқылы әйгілі болды және осы бейнелеу өнерінің орталығына айналды. Бұл қалалық өнерінің заманауи түрі Мельбурнде соншалықты әйгілі болғаны, оны жолнұсқаларда да табуға болады. Қала Викториан архитектурасының (1837—1901) негізгі орталықтарының бірі болып саналады. Осы стильінде салынған ғимараттар қалада көптеп кездеседі. Сонымен қатар XX ғасырдың ортасында пайда болған заманауи архитектурасыз қаланың сәулет бейнесін елестету мүмкін емес.
Мельбурннің театрлік өмір өте әртүрлі. Қала Австралияның Ұлттық балетінің үйі болып табылады. Корольдық мельбурндық филормониялық оркестрі осында 1853 жылы негізделген. «Корольдық» деп атанған Австралияның жалғыз және ең ескі кәсіби оркестрі болып саналады. Мельбурн Австралиядағы ең көп театрлер орналасқан қала. Сонымен қатар Мельбурн Австралияның сән орталығы болып табылады. Осында жыл сайын Мельбурн сән фестивалі өткізіледі.
Мельбурн Австралияның мәдени және спорттық астанасы ретінде өте танымал. Жыл сайын онда көптеген ұлттық және халықаралық спорттық жарыстар өткізіледі. Соның ішінде ең маңыздылары:
Бұдан басқа, Мельбурн 1956 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын және 2006 жылы Ынтымақтастық ойындарын өткізген. 2003 жылы Мельбурнде регбиден әлем кубогы өткізілген; 2001 жылы Мельбурн Полодан әлем чемпионатын өткізген Оңтүстік жартышардағы бірінші қала. 2007 жылы қалада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтті.
Мельбурн аустралиялық футболдың отаны болып табылады — Аустралиядағы жарыстарға келуші көрермендер санынан аса әйгілі спорттың түрі. Аустралияның футбол лигасында (АФЛ) ойнайтын он алты командасынан тоғызы қалада орналасқан. АФЛ маусымының финалы ішкі австралиялық спорттық шараларының ең ірісі болып саналады және қыркүйектің соңғы сенбісінде өткізіледі.
Мельбурнде әрқайсысы өз трибуналарында 10 000 адамды сыйғыза алатын 29 спорттық ғимарат бар. 2000 жылы қаладағы ең ірі стадионның құрылысы аяқталды — Телстра Дом, 56 000 адамды сыйғыза алады. Бұл стадион әлемдегі футбол мен крикеттен жарыстарды шатыр астында өткізуге болатын бірінші спорттық ғимарат.
2006 жылы лондондық АркСпорт зерттеу және консультативті серікткстігі Мельбурнді спорттық жарыстарды өткізуге арналған әлемдегі ең жақсы қала деп таныған. Осыдан кейін Мельбурнді әлемнің бейресми спорттық астанасы деп санауға болады.
Саяси қайраткерлер
Бизнесмендер
Спортшылар
Мәдениет қайраткерлері
Мельбурнның алты бауырлас қаласы бар: