Люк Шоу

Люк Шоу Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

12 шілде 1995 (1995-07-12) (28 жас)

Туған жері

Кингстон-апон-Темс, Англия

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

185

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Манчестер Юнайтед

Номері

23

Клуб карьерасы[* 1]
2012—2014 Англия Саутгемптон 60 (0)
2014— Англия Манчестер Юнайтед 73 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014—  Англия 8 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Люк Пол Хоар Шоу (ағыл. Luke Paul Hoare Shaw; 12 шілде 1995 жыл, Кингстон-апон-Темс) - Ағылшын футболшысы, «Манчестер Юнайтед» клубының сол жақ қорғаушысы.

Клубтық карьерасы

«Саутгемптон»

8 жасында өз карьерасын «Саутгемптон» жастар академиясынан бастады. Гарет Бейл сияқты Жастар команда клубында өнерін көрсетті. Ол бірнеше клубтардың Премьер-лигасына үлкен ықыласын танытты. Олар «Арсенал», «Челси» және «Манчестер Сити» клубтары. 2012 жылы қаңтар айында клубтың бас жаттықтырушысы Найджел Эдкинс өзінің жас қорғаушы баланы сатпайтының мәлімдеді. Жаттықтырушы өз мәлідемесінде былай деді - «Люк Шоу біздің болашақтағы жоспарымыздың үлкен рөлін атқарады. Сеніңдер, біз сендер сияқты жас футболшыларымызды ешқайда жібермейміз. Біз өзіміздің жас футболшыларымызды Премьер-лигада, «Саутгемптон» клубының негізгі құрамында ойнағанын қалаймыз».

2012 жылы 28 қаңтарда Люк Шоу «Саутгемптон» клубының Англия Кубогының негізгі құрамында ойнады. Бұлардың кездесуі «Миллуолла» клубымен өтті. 2012/13 маусымның Премьер-лигасының басында Шоу 4 жас ойыншының қатарына кірді.

2012 жылы 10 қарашада Премьер-Лигада «Суонси Сити» командасына қарсы Шоу бірінші рет бастапқы құрамада ойнады.

«Манчестер Юнайтед»

2014 жылы 27 маусымда Люк Шоу «Манчестер Юнайтед» командасының құрамына ауысты. Клубпен 4 жылға келісім-шартқа отырды. Люк Шоудың бағасы £27 млн құрады, £31 млн көтерілуі мүмкін. Бұл футболшының ойнауына байланысты.

Құрама-командадағы карьерасы

16 және 17 жасқа дейінгі футболда Англия ұлттық құрамасында өнерін көрсетті.

2013 жылы Англия құрамасында 21 жасқа дейінгі футболшылар қатарында өнерін көрсетті.

2014жылы 5 наурызда Данияғақарсы Англия құрамасында ойнады.

2014 жылы Англия құрама-командасының бас бапкері Люк Шоуды Әлем чемпионатының баратын футболшылар тізіміне қосты. 24 маусымда Әлем чемпионатында Шоу Коста-Рикаға қарсы топтық кездесуде өнер көрсетті.

Англия құрама-командасында көрсеткен ойындары

Барлығы: 3 ойын / 0гол / 1 жеңіс / 2 тең ойын / 0 ұтылыс.

Ойынының стилі

Люк Шоу сол жақ шеткі қорғаушы, тез жылдамдығымен және айып соққы шебер тебумен ерекшеленеді. Сэр Тревор Брукинг Люк Шоуды «үлкен техникалы дарынды ойыншы» деп есептейді.

Жетістіктері

Командалық

  • Англия суперкубогы: 2016
  • УЕФА Еуропа Лигасы: 2016/17

Жеке жетістіктері

ПФА нұсқасындағы Премьер Лигадағы «жыл командасы» қатысушысы: 2013/14.

Дереккөздер

  1. Player Profile. Luke Shaw  (ағыл.). PremierLeague.com.