Джим Керри | |
Jim Carrey | |
Джим Керри 2009 жылғы «Канн кинофестивалінде» | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
James Eugene Carrey |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1979 — қазіргі уақытқа шейін |
Бағыты | |
Марапаттары |
«Алтын глобус» (1998), (1999) |
IMDb | |
www.jimcarrey.com |
Джеймс Юджин «Джим» Керри (ағылш. James Eugene «Jim» Carrey; 17 қаңтар 1962 жыл, Ньюмаркет, Онтарио провинциясы, Канада) — америка-канада киноактері, сценарийші, продюсер.
«Однажды укушенный» фильмінде ең алғаш рет басты рөлді сомдаған. АҚШ-тағы жалақысы жоғары актерлердің бірі. Көпшілікке «Маска», «Эйс Вентура: Розыск домашних животных», «Шоу Трумана», т.б. фильмдерімен танылған.
Кішкентай шағында қиын жағдайда өмір сүрген. Отбасында өзінен үлкен екі әпкесі және ағасы бар. Жастайынан адамдарға пародия жасап, елдерді күлдірткенді ұнататын ол өзінің мансабын комедиялық клубтарда өнер көрсетумен бастаған.
Актерлік дебюті 1983 жылы «Резеңке тұлға» фильмінен басталады. Бұдан кейін де ол бірқатар фильмдерге түседі. Бірақ олар аса сәтті болмайды. 1993 жылы ол «Эйс Вентура: Үй жануарларын іздеу» фильмінің түсіріліміне қатысады. Фильмнің сценарийін өзі жазып, басты рөлді де өзі сомдайды. Фильм үлкен жетістіктерге жетеді. Осыдан кейін оның мансабы жоғарылай бастайды. Джим әртүрлі номинациядағы түрлі сыйлықтардың иегері.