Амитабх Баччан (толық аты Амитабх Хариванш Баччан) — Үндістанның танымал киноактері, саясаткер, продюсер және тележүргізуші. 1942 жылы 11 қазанда, Уттар-Прадеш штатының Аллахабад қаласында туған. Әкесі Хариванш Рай Баччан Үндістанның танымал ақыны болған. Өзінен кейін Аджитабх деген інісі бар. 1973 жылы актриса Джайя Бхадуриға үйленеді. Екі баласы бар: қызы – Швета және ұлы – Абишек. Ұлы да өзі сияқты танымал актер. Кинодағы дебюті 1969 жылы «Saat Hindustani» («Семь индийцев») фильмінен басталды. Амитабх 170-тен аса киноға түскен және әлі де түсіп келеді. 2000 жылдан 2005 жылға дейін «Миллион кімге бұйырады» атты теле шоудың үнділік нұсқасын жүргізді.
Дереккөздер
| |
---|
| Сурет, видео және аудио | |
---|
| Тематикалық сайттар | |
---|
| Сөздіктер және энциклопедиялар | |
---|
| Нормативті бақылау | |
---|
|